БІЛІМ

Абайдың ақын ұлы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: bugin.kz

Ақылбай – Абайдың Ділдәдан туған тұңғыш баласы. Ақылбай Құнанбаев – қоғам қайраткері, ақын әрі композитор. Ол 1861 жылы 1 мамырда дүниеге келген. Bugin.kz порталы ақын жайлы деректерді ұсынады.

Ақылбай бала кезінен Нұрғанымның тәрбиесінде өскен. 9 жасында Ғабитхан есімді молдадан білім алады. Атасы Құнанбай Ақылбайды өзімен дәрежесі тең деп санаған Жұмақанның Ізіқан деген қызына үйлендіреді.

Ақылбай өте өнерлі болған. Домбыра тартып, гармонь және скрипкада ойнаған. Дойбыдан да ешкімнен жеңілмейтін болған екен. Абайдың “Ата-анаға көз қуаныш” деген өлеңі осы баласы Ақылбайға арналған.

Ақылбайдың “Дағыстан”, “Зұлыс”, “Жаррах батыр” сынды үш поэмасы бар. Әкесі Абай секілді орыс әдебиетіне қызығушылық танытып, Пушкин мен Лермонтовтың өлеңдерін сүйіп оқыған.

Ол 43 жылдық ғұмырында мәдени-ағарту ісіне де белсене атсалысады. Ақылбайдың өмірінің соңғы жылдары қайғылы оқиғаларға толы болған. Әйелі Ізіқаннан айырылып, кейіннен 1895 жылы інісі Әбіш, 1904 жылы екінші інісі Мағауия дүние салады. Мағауияның соңынан көп ұзамай екі айдан соң әкесі Абай қайтыс болады.

Ақылбай әкесінің қырқын берген күні, 1904 жылы 43 жасында өмірден өтіп, Семей қаласы, Абай ауданы, Тышқан бұлағының қасында жерленген. Ақылбайдың артынан ізбасарлары Әлімқұл, Әубәкір және Исраил есімді балалары қалған.

                                                    

                                                              Материал авторы: Бану Әбдіғалиева