Bugin

"Алғашқы алтын": Қазақстандық боксшы Азия чемпионы атанды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Астанада өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы қоржынға алғашқы алтынды салды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

54 келіде бақ сынаған Аяжан Сыдық финалда үндістандық Таманнаны төрешілер шешімімен жеңді.

Нәиже: 4:1 (30-27, 29-28, 30-27, 30-27, 28-29). Осылайша, ол Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. 

Бұған дейін 52 келіде Бағжан Отынбай турнирдің күміс жүлдегері атанды.