Bugin

Мәйіті табылмаған. Алматы облысында жоғалған 3 жасар қыздың анасы тұтқындалған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: жоғалған қыз. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

"Не молчи" қорының желідегі парақшасында Алматы облысында жоғалған 3 жасар Айя-Софияға байланысты видео жарияланды. Бұл туралы Bugin.kz қордың ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Еңбекшіқазақ ауданындағы Күш ауылында 3 жасар Айя-София жоғалғанына 2 ай болды. Алматы облысының полиция департаменті “Жас баланы өлтіру” бабы бойынша іс қозғағанын хабарлаған еді. Алайда жоғалған қыздың мәйіті табылмаған.

Қыздың анасы Елена Юрьевна Молгачеваны қазір полиция қызметкерлері қамауға алған. Бұл әрекетті “Не молчи” қоры:

 “Ауылда өте күмәнді және адекватты емес адамдар таратқан жалған қауесеттердің кесірінен ана тұтқындалды. Жоғалған қызды іздеуге барынша көмек көрсетіңіздер. Туыстары қыздың анасына  жала жабылды деп айтып жатыр. Софияның жоғалуына кінәлілер жазадан құтылып кетеді”,-деп жазды.

КТК арнасының дайындаған сюжетінде ауыл тұрғыны: "қыздың анасы арақ үшін сатып жіберді",-деп айтады. Алайда әйел алкагольді ішімдік ішпеген.