Bugin

ҚР Президентінің көмекшісі Шымкентте үкіметтік емес ұйым жетекшілерімен кездесті

Аида Балаева

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева үшінші мегаполистегі қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті.

Кездесуге Шымкент қаласы әкімінің бірінші Қайрат Нұртай, қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева қатысты.

Аталған жиынды Шымкент қаласы «Азаматтық Альянсы» қауымдастық түріндегі заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Жұмағали Білісбеков жүргізіп отырды.

Алғаш болып сөз алған ҚР Президентінің көмекшісі – Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева Азаматтық Альянс пен үкіметтік емес ұйымдардың басты мақсаты халықпен тығыз байланыста болу екенін атап өтті. Сондай-ақ, жұмыспен қамту, тұрмысын түзеу, жұмысшылардың құқығын қорғау сынды мәселелерді шешуге белсенді атсалысуға шақырды.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диолог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауында «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет» деген болатын.

Бұл жиында билік пен қоғам арасында тұрақты диолог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыру және азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайту мәселелері қаралды.