Bugin

Ұшаққа мінбеймін мен...

Өлең

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұшаққа мінбеймін мен, отырмаймын,

Көк аспанда құс болып ұша алмаймын.

Қанатын алғысым жоқ қарлығаштың,

Оныңда бергісі жоқ қос қанатын.


Аспаннан келмейді қалықтағым,

Аққудай сүмбе мойын шарықтағым.

Қорқамын биігіңнен қалтыраймын,

Әуеден басқа жерден тайсалмаймын.


Барар жер алыс болсын, мейлі жақын,

Мен оған көлікпенен жақындаймын.

Ұшаққа отырғым жоқ отырмаймын,

Ұшақпен мен ешқайда бара алмаймын.