Авторлық ертегі

Көне кітап (ертегі)

Авторлық ертегі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жер бетін қара темір робот жайлаған заман болыпты. Адамдар тіпті бір-бірімен амадасудан қалып, техниканың құлына айнала бастапты. Роботтар адам санасын жаулап, ақыл-есін алып, өздеріне бағындырыпты. Сондай күндердің бірінде кітапхана атты сарайда көне кітап өмір сүрген екен.

Көне кітаптің сөреде тұрғанына көп болған. Беттеріне күн түспей, күреңсіз өмір сүріп жатты. Кітапхана іші күн санап өзгеріп, мұқабалары жалт-жұлт еткен небір жаңа кітаптар пайда болады. Онымен қоймай электронды кітап деген жаңашыл пайда болғаннан бері көне кітап өзін оқыр оқырманнан ада-куде үмітін үзген еді. 

– Осындай ескі-құсқыны неге жоя салмайды екен? - деген сөздер де жанын шаңшып өтеді. 

Кітапхана ішіндегі әр тілдегі кітаптар бір-бірімен жарыса сөйлеп, өз оқырмандарының көптігін айтып, шуласып жатты. Көне кітап ақырын ғана күрсініп тұр еді, бір қолдың көтеріп алмасы барма. Онымен қоймай шаң басқан ескі мұқабасынан жылы алақанымен бір сипап өтті. Сөредегі кітаптар шу ете қалды. 

– Таптым, мен осы кітапты көп іздедім ғой, – деген оқырман жігіт сөзі тіпті электронды кітапты таң қалдырды. 

Бейне бір бойына қанат біткендей көне кітап қуаныштан қалақтап бара жатты. Әр бетін аялай ашқан оқырман жігіттің қолдарында жаңа өмірге келгендей мәз.

Сол күннен бастап кітап қолдан-қолға өтіп небір ғұлама-оқымыстылардың алдына барған екен. Роботтанған мәңгүрт заманға дәру болар сөздер дәл осы көне кітапта екенін дәлелдеген жігіт заман ауруын жойған екен. Ал көне кітап болса мәртебесі артып, арманына жетіпті.