Bugin

Жамбыл өңірінде екі теміржолшы пойыз астына түсіп көз жұмды

Қызмет кезіндегі қаза

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жамбыл облысында пойыз астына түскен 33 және 44 жастағы екі теміржол қызметкері қайтыс болды.

Полиция ақпараттық медиа-порталы таратқан хабарда «теміржол транспортының қозғалу қауіпсіздігі бұзылып, екі адамның қазасына» байланысты тергеу жұмысы басталғаны айтылған.

 - 13 қаңтар Бел станциясына кірер алдында Алматы-Ақтөбе жолаушылар пойызы екі адамды қағып кетіп, алған жарақатының салдарынан олар оқиға орнында қайтыс болды, – делінген ведомство хабарламасында.