Bugin
Қызмет кезіндегі қаза
Жамбыл облысында пойыз астына түскен 33 және 44 жастағы екі теміржол қызметкері қайтыс болды.
Полиция ақпараттық медиа-порталы таратқан хабарда «теміржол транспортының қозғалу қауіпсіздігі бұзылып, екі адамның қазасына» байланысты тергеу жұмысы басталғаны айтылған.
- 13 қаңтар Бел станциясына кірер алдында Алматы-Ақтөбе жолаушылар пойызы екі адамды қағып кетіп, алған жарақатының салдарынан олар оқиға орнында қайтыс болды, – делінген ведомство хабарламасында.