Bugin

16 қаңтар күнгі кинопремьералар

"Оскарға" үміткер "Маяк" фильмі прокатқа шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін кинода: Роберт Паттинсон мен Уиллем Дефо ескі стильде түсірілген хоррорда, Тор мен Локи, әйгілі жапон хоррорының жаңа ремейкі және Байқоңырдан Марсқа аттанған астронавт.

«Маяк» The Lighthouse») [18+]: Роберт Эггерстің үрейлі драмасы. Басты рөлдерде - Роберт Паттинсон мен Уиллем Дефо. Фильм «операторлық жұмыс» санаты бойынша биылғы «Оскарға» үміткер.

1890 жылдар, Жаңа Англия жағалауының маңы. Ифраим Уинслоу есімді жігіт аралға келіп, маяк бақылаушысы, ақсақ және сақалды Томас Уэйкке көмекші болып келеді. Томас оған жалшысындай қарап, маякқа көтерілуге және жарықты басқаруға тыйым салады. Ифраимды бұрынғы өмірі мазалайды, көп кешікпей оған түрлі елестер көріне бастайды.

«Вальгалла» Valhalla» / «Вальгалла: Рагнарёк») [12+]: Бұл фильмнің Марвел киноғаламына еш қатысы жоқ. Скандинав елдерінің аңыздарына сүйенген, дат актері Фенар Ахмадтың фэнтезиі.

Сюжетте екі қарапайым адам нағыз Асгардқа тап болады. Олар Локи мен Тор қатысатын соғысқа араласуға мәжбүр болады. Олардың жауы - Фенрир деген қасқыр. Зұлым күштер билікті тартып алып, ақырзаман - Рагнарек үйіргісі келеді.

«Реніш» Проклятие» / «The Grudge») [18+]: әйгілі хоррор-франшизаның ремейкі.

Фильмде келіншек өз отбасын қырып салған оқиғадан кейін, детектив болып істейтін жас ана осы істі тергейді. Көп кешікпей қанды оқиға болған үйдің қарғысы бар екені белгілі болады. Ол өзін және баласын жын күшінен қорғауға тырысады.

«Проксима» Proxima») [16+]: басты рөлде Ева Грин ойнаған Франция-Германия драмасы.

Сюжеті Сара есімді астронавт әйел туралы. Ол Марсқа аттанбақшы. Сапар алдында соңғы дайындықты Ресейді өтеді. Оның серігі Майк оған түрлі қиындықтарды жеңуге көмектесіп, көңіліне демеу болады. «Проксима» миссиясы Байқоңырдан аттанбақ.

Сондай-ақ:

- әнші Егор Кридтің қатысуымен ресейлік «(НЕ)идеальный мужчина» комедиясы;

- америкалық «Риф. Новые приключения» / «Go Fish» мультфильмі;

- Оңтүстік Корея режиссері Пон Чжун Хоның 2013 жылғы «Сквозь снег» (Snowpiercer) картинасы екінші қайтара прокатқа шықты.