Әлем жаңалықтары

Түсінде көрген санның арқасында лотереядан мол ақша ұтып алды

Түстегі аян

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ-тың Вирджиния штатындағы Питерсберг қаласының тұрғыны лотерея билетіне түсінде көрген сандарды енгізіп, джекпот ұтып алған. Бұл туралы UPI басылымы хабарлайды.

Бірнеше жыл бұрын Роуз Джетер (Rose Jeter) түсінде 7-12-14-21-27 сандар тізбегін көрген екен. Америка азаматшасы оларды есінде сақтап қалып, бұл комбинацияны 2019 жылдың 31 желтоқсанында өткен ұтыс ойынына сатып алған лотерея билетіне жазады.

Сөйтіп Джетер 100 мың доллар (38 118 000 миллион теңге) джекпотқа ие болады. Лотерея өкілдері жеңіске жету мүмкіндігі 278 256-ның бірі болғанын хабарлады.