Қоғам

90 күн: Несиені уақытылы төлемейтіндер үшін жаңа заң күшіне енді

Кредитке байланысты жаңа талап қолданысқа енгізілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Банктер мен микроқаржы ұйымдары азаматтардың кредит бойынша қарызы 90 күннен асып кетсе, комиссия есептемейді. Жаңа заң 2020 жылдың алңашқы айларынан бастап күшіне енді.

Өзгерістер "Банк және банк қызметі туралы" және "Микроқаржы ұйымдары туралы" заңдарға енгізілді.

Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов елордада өткен баспасөз мәслихатында екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарына кепілсіз тұтынушылық қарыз бойынша берешек 90 күннен асып кетсе, айыппұл, өсімпұл, сондай-ақ комиссия мен басқа да төлемдерді есептеуге тыйым салынатынын айтты.

Оның айтуынша, бұрын кредитті уақытында төлемеген кезде өсімпұл әр күн сайын 0,5 процентке өсетін.

Жаңа жылдан бастап кірісі күнкөріс деңгейінен төмен қазақстандықтарға кепілсіз кредит те берілмейді.

2020 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі - 31 183 теңге.

Сонымен қатар жұмыссыздар да кредит ала алмайды. Жалпы банктен қарыз алу үшін соңғы 3-12 айдағы ресми табысты көрсету қажет.

sputniknews.kz