«Толық адам» болу үшін не істеу керек? - на bugin.kz
Даяна Дәрібекқызы - на bugin.kz Даяна Дәрібекқызы

Әр адам - бұл дүниеде ерекше философ

Мына жазып отырған мен де, оқып отырған сіз де философсыз. Сол үшін де дүниеге адам болып келген соң, адам болып кету керек. Менің айтып тұрғаным жай ғана адам емес, "нағыз адам", "толық адам".  

Халқымызда "Бір жылдығын ойлаған бидай егеді, он жылдығын ойлаған тал егеді, мың жылдығын ойлаған ізгілік етеді" деген ғажап сөз бар. Бір қарағанда, сөз арасында қолданылатын жай ғана нақыл сөз секілді көрінеді. Бірақ мағынасына зер салсаң, терең ойдың жатқанына көз жеткізесің. Расымен де, әр адам өз тіршілігі үшін өмір сүреді. Дегенмен, қайсымыз келер ұрпақтың қамын ойлаудамыз?     

Біздің келер ұрпақтың қамын ойлаған ұлы Абай философиясында "Толық адам" ілімі көп кездеседі. Абайдың ұлылығы – Толық адам тәрбиелеу үшін алдымен Толық қоғамның, ал Толық қоғам орнату үшін Толық ілім жасаудың қажеттігін білгендігінде. Сондықтан да ол – өзінің саналы өмірінде Толық адам жасаумен айналысқан. Яғни, мұндағы Толық адам деп отырғанымыз – адамгершілік, имандылық, ізгілік.

Абайдың осы "Толық адам" туралы ілімі сөз басында қозғаған нақыл сөзіме дәлел болатындай. Себебі өз өмірін "Толық адам" жасаумен өткізген уақытының барлығы да бүгінгі бізге және бізден кейінгі ұрпаққа арналған.   

Осымен Абайдың "Толық адамын" түсіндіре алдым деп ойлаймын. Сөз соңында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың да "Рухани жаңғыру" мақаласының жүзеге асырудағы ұлтты тәрбиелеу жолындағы жобасының бірі де "Толық адам" іліміне тікелей байланысты екендігін де айтқым келеді.


0 Пікір Кіру