Әлем жаңалықтары

Бағдарламашылар 16 млн еуроға бағаланған сайтты тегін жасап беріп, министрді жұмысынан босатты

Сайтты 60 бағдарламашы екі күн ішінде әзірлеген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Чех бағдарламашылар тобы екі демалыс күннің ішінде билік 401 миллион крон (16 миллион еуро) жұмсауды жоспарлаған сайтты тегін жасап берді. 

60 әзірлеуші екі күндік хакатон ұйымдастырып, өздері әзірлеген сайтты билікке тапсырады. Ал бұл жұмысқа жауапты министр қызметінен босатылған. Бұл туралы Lenta.ru хабарлайды.

Келісім-шарттың қымбаттығы, сонымен қатар сайтты әзірлеуге арналған тендер мен жүрдек автомагистральдар бойынша жол жүруге арналған рұқсатты сату жөніндегі қосымшалар жабық болғандығы бағдарлама жасаушылардың наразылығын туғызған.

Бұған жауап ретінде Actum Digital IT компаниясының иесі Томаш Вондрачек қоғамдастықты күш біріктіруге және тендер шарттарына сәйкес келетін, бірақ ақысыз өнімді жасауға шақырған. Оған 300-ден астам маман қолдау көрсеткен. Нәтижесінде ерікті бағдарламашылар тобы жиналып, демалыс күндері Ferznamka.cz веб-сайтына бағдарлама кодын жазып, оны мемлекетке ұсынады.

Көлік министрі Владимир Кремлик (Vladimir Kremliк) сайтты әзірлеу бойынша келісім-шартпен келіскен оның ведомствосы отставкаға жіберілді.