Әлем жаңалықтары
Қытайда індеті өршіп жатқан жаңа коронавирустан қаза болғандардың саны 213 адамға жетті
Қытайда жаңа коронавирус 2019-nCoV-тен 213 адам қайтыс болды, жұқтырғандар саны 9356 адамға жетті, деп хабарлайды South China Morning Post газеті қытай билігіне сілтеме жасап.
- Өткен тәулік ішінде 2019-nCoV коронавирусынан зардап шеккендер саны 213 адамға дейін өсті, олардың 204-і Хубэй провинциясының эпидемия орталығында қайтыс болды, - делінген хабарламада.
Астанасы Ухань болып саналатын Хубэй провинциясының өзінде ғана 804 адамның жағдайы ауыр болса, ал тағы 290 адамның жағдайы өте ауыр саналуда.