Әлем жаңалықтары

Коронавирус: Тайландтағы жарғанаттар тексеріледі

Тайландтағы жарғанаттар және сол жарғанаттармен қоректенетін жыландар Қытайда деликатес саналады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тайландта мамандар үңгірдегі жарғанаттарды ағзаларында коронавирустың белгілері болуы мүмкін деген желеумен тексеріп жатыр, деп хабарлайды РИА Новости.

Чулалонгкорн университетінің ғалымдары жарғанаттардың арасында таралған 23 түрлі вирусты зерттемекші. Бұл вирустар Қытайда таралған коронавирусқа қатты ұқсас. 

Әсіресе, ондаған миллион жарғанат мекендейтін Ратчабури провинциясындағы үңгірлер ерекше қызығушылық тудыруда. Себебі браконьерлер оларды Қытайға жөнелту үшін аулайды, ол жақта жарғанаттар мен оларды азық қылатын жыландар деликатес саналады.

Ғалымдар Қытайда таралған аурудың осы жолмен баруы мүмкін деген ойда.