Араны ашылған қыран кім, аңшы кім? - на bugin.kz
Есентүгел - на bugin.kz Есентүгел

Жазушы сөзінің мағынасы

Бір сөзінде жазушы Шерхан Мұртаза президентке: 

- Сізге ақыл үйретейін деген ниетім жоқ, бірақ халық айтады "араны ашылған қыран не аңды алады, не аңшының өзін алады" дейді. Осыған мəн берсеңіз екен" - деп өте салмақты сөз тастайды. Яғни бұл айтылған тұспал сөзбен жазушы не айтпақ болды дегенге келетін болсақ, мынадай сөз астарын түсінуге болады: Егерде аңшы құлан түзде жүгірген аңнан аң қоймай, азға қанағат етпей аулағанның үстіне аулай беретін болса, күндердің бір күнінде аулайтын аңда таусылады. Сол кезде аңшының өзі жастайынан əбден аңға түсіріп, қызыл қанға ауыздандырып, дəніктіріп қойған қыраны, сонау аспанда қалықтаған күйі қайта-қайта жерді сүзгілеп, құлазыған құр даладан аң атаулыны мүлдем таба алмай, ақыр соңында арандай ашылған тəбеті есін тандырып бара жатқан соң, жерде жүрген аңшының басындағы түлкі құлақшынды аң деп ойлап соған түседі. Өткенге қарасақ, өзінің баптап баққан бүркіті аң таба алмай ашыққаннан аңшының өзіне түсіп, мойынын үзіп жіберген оқиғаның расымен болғанын көресің. "Араны ашылған қыран не аңды алады, не аңшының өзін алады" деген сөз содан айтылса керек. Осы сөзге сүйінсек бір елді басқарып отқан басшыда, қолында қыран баптаған аңшы секілді. Егер өзінің қоластындағы қырандарын тым еркін жіберіп, жемқорлыққа, аста-төк байлыққа дəніктіріп алар болса, онда олар ондай істерімен басшысына үлкен зиян əкелетін болады. Халықтың алдында өзінің беделін түсіреді. Тіпті келе-келе арандары үсті-үстіне ашылған қырандары, шарықтау шегіне жеткенде өзіне түсуіде жат қылық емес. Сондықтан қорыта келе нақ басып, тап басып айтқанда, қыран баптаған аңшы ең алдымен өзінің ниетін түзесе қанағатшыл, үнемшіл, адал болса қыраны алысқа ұзамайды, иесіне қарап бой түзейді. Міне "Қазақстанның халық жазушысы" Шерхан Мұртазаның айтпақ болған ойы осы болар. 

Сөз соңында:

О, табиғат-Ана! Адамдарды бұл жайсаң
Анда-санда бір туғызып тұрмасаң, 
Болмас еді тіршіліктің сəні де! (Н. Некрасов)


0 Пікір Кіру