Әлем жаңалықтары

АҚШ: Белоруссияны 100 пайыз мұнаймен қамтып, тәуелсіз етеміз

Минск АҚШ-қа бет алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Минскте АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы М.Пoмпео пен A.Лукашенконың арасында келіссөздер өрбіді. Бұл 25 жылдан кейін осындай жоғары деңгейде өткен алғашқы басқасу. Келіссөздер барысында екі ел арасындағы сауда қатынасы, экономика мәселесі сөз болды. 

"Біз өте көп уақыт экономика жайлы сөйлестік. Лукашенко мырза белорустардың тәуелсіз, азат елі барын, біреудің құрамына кіре алмайтынын айтты. АҚШ Белоруссияның азат ел болуына көмектескісі келеді. Біздің энергоресурс шығарушы кәсіпорындарымыз Белоруссияны 100 пайыз мұнаймен тиімді бағада қамтамасыз ете алады. Біз әлемдегі энергоресурс шығаратын ең ірі елміз," - деді Помпео. 

Келіссөздерден кейін АҚШ Белоруссияда араға 11 жыл салып елшілігін қайта ашатынын мәлімдеді.