Ақшаның аздығы киноны комедияға айналдыра ма?

«Комедия» жанрының экрандарда көптеп шығуы, басқа жанрдағы фильмдердің артта қалып бара жатқанын білдіруде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еліміздің кино  индустриясы  күннен күнге дамып келе жатқаны анық. Алайда «комедия» жанрының экрандарда көптеп шығуы, басқа жанрдағы фильмдердің артта қалып бара жатқанын білдіруде. 

Прокатка шыққан су жаңа фильмдер туралы «Gakku» арнасындағы «Кинокөрме» бағдарламасы мәлімет береді. Мәселен, 2019 жылы шыққан «Мен сені сүйемін» фильмінің бас продюсері Гүлнұр Мамасарипова осы арнаға берген сұхбатында: «Орыс тілінде түсірген фильмдердің, қазақ тілінде түсірген фильмдерге қарағанда көбірек кассалық қаражат жинайды, сонымен қатар кеткен шығынды ақтап шығады. Бірақ қазақ тіліндегі фильмдерді де міндетті түрде болашақта түсіретін боламын», - деді.  Көптеген отандық фильмдердің жан жарасы осындай. Ал қазіргі комедия жанрының көп қаржы түсіретіні рас.  

Отандық комедияның көшін бастап тұрған  Нұрлан Қоянбаевтың «Бизнес по-казахский в Корее» фильмі, Голливудтың фантастикалық «Кек алушылар» фильмінен қомақты қаржы түсіру  жағынан озып отыр. Фильмнің соңғы бөлімінің мағыналық идеясы жоғары, ондағы басты идеялардың бірі –  «туған жерге деген сүйіспеншілік». Отандық фильмнің деңгейі енді көтеріліп келе жатқан сәтте, комедиядан басқа жанрлардың барлығын бірден талап еткеніміз қалай болар екен?

Аты шулы «Hollywood» қаржы табу мақсатында түрлі фантастикалық, комедия, триллер жанрларындағы фильмдерді түсіреді. «Оскар» номинациясына лайық етіп, терең мағыналы фильм жасауға тырысады.  Осындай сәттерде қазақты көкке көтеріп, қолдау білдірудің орнына, аяқтан тартып, артқа тартқанымыз дұрыс емес.

Отандық фильмдердің ішінде 2019 жылы үлкен жетістікке жеткен - Ақан Сатаевтің «Томирис» фильмі. Екі апта ішінде барлығы 287,1 млн теңге жиналды. Бір айдың көлемінде 480 миллион теңге жинап, Energyprom сайтының мәлімдеуінші топ-3 санатында 3 орынға ие болған. Бұл картинаның жарық көруіне 2 миллиард 259 миллион теңге қаражат кеткен. 

Қазақ киноиндустриясының үлкен бір кемшілігі ретінде көпшілік қауымның наразылығы тудырған бір ғана актер немесе актрисаның бірнеше картинада басты рөлді сомдай беруі еді. Сол себепті қосалқы рөлге де «танымал» актерлардың орнына, жаңа есімдерді жаңғыртуымыз керек секілді. Біріншіден, бұл режиссерлерге актер немесе актерисаларды  сомдаған рөлдерін бағалауға тиімді, екіншіден көрерменнің әсерін байқауға болады, үшіншіден көрерменнің беретін бағасын білуге және сараптауға септігін тигізеді. Бұл тұста біз Голливудтың стратегиясын қолданып отырмыз. 

Оның үстіне, режиссер Елзат Ескендірдің «жас режиссерлерге қолдау көрсетілмей жатыр» деген пікірі бар. Яғни, отандық фильмдердің комедия жанрының көп болғаны айтарлықтай талқыланатын тақырып емес, бірақ жаңа есімдер мен жаңа жанрлардың жарық көруіне қолдау көрсетіп, ұсыныс білдірмей жатқанымыз талқыланатын мәселе.