Көзқарас

Ғаламтордың ғажабы мен азабы

Ғаламтордың зияны мен пайдасы қандай?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады» деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 

ХХІ ғасырда басталған ұлт тарихы әлеуметтік желімен тікелей байланысты болып отырғаны жалпақ жұртқа аян. Сол бір ғаламтордың торы қазіргі жастарымызды да, кәрілерімізді де, тіпті бес жасар балаларымыздыда өз ортасынан алыстатып бара жатыр. Алайда таяқтың екі ұшы болатыны секілді, бір жаман істің де - бір игілігі болады.

Әлеуметтік желінің әлегінде жүретін кейбір жастарымыз, қазіргі таңда сол бір ғаламдық торлы ортаны өз бизнестеріне (жеке кәсіп) айналдырып отыр. Қазіргі тілмен айтқанда инстаграм деп аталатын әлеуметтік желінің өз билеушілері, яғни вайнерлері бар. Әрбір оқырманының бір ғана пікір қалдырып, немесе бір ғана лүпіл қойып кеткен жұмысы үшін бірнеше қаржыны қалтасына салып отыр. Иә, олар үшін бұл жеке кәсіп, ал желіден хабары аз адамдар үшін ақша табудың оңай көзі.

Бірақта қанша даттасақта, бұл ортадан әрбір екінші адамды тауып аларымыз анық. Біреулерді табыстырып, енді біреулерді айырылыстырып жататыны да бар. Таң атқаннан кеш батқанға дейін көгілдір экран бетіне үңіліп, шынайы өмірде не болып жатқанын кейбір сәттерде ұмыт кетіп жатамыз. Отбасымыздың, кішкене ғана тәтті ботақанымыздың жағымды дауыстарын, телефонымызға келетін хабарламға айырбастап алған секілдіміз. Төрт бұрышты қабырға қорапшаның ішінде ана бұрышына бір, мына бұрышына бір соғылып, жастығымызды ұрлатып жатырмыз. Ал үлкейген егде кісілер болса, өмірінің соңғы секундтарын әлеуметтік желініің желісі сыйға тартуда.

Ғаламтордың бір азабы сағыныш деген символды жойды. Иә, біз алыстағы жақындарымызды сағынамыз, алайда осы бір дамыған технологияның арқасында жердің жетінші шетінде жүрген жақынымызбен бетпе-бет сырласа алатын халге жеттік. Бұл негізгі тұрғыдан жақсыболар, ал екінші жағынан телефон арқылы ғана сағынышты басып, шынайы әлемде жүзбе – жүз көрісу қиынырақ болады. Не дегенмен мына сізді , бізді алаңдататын бір жәйт, Тәуелсіз Қазақстанда дамыған технологиялардың арқасында келешек ұрпақты ғаламтордың торына сыйға тартып жүрмесек болғаны. Қалай болғандада, әлеуметтік желіні тиімді жағына пайдаланып, тек өз керегін алып болғаннан кейін, вертуалды әлемнің қолданысынан дер кезде шығып отырсақ болғаны. Сол кезде ғана әзірге болашақтағы келешек кемеңгерлерімізді сақтай аларымыз анық!