Көзқарас

Тегімізді түзеу - ұлттық дербестіктің символы

Аты-жөнімізді дұрыс жазуға дағдылануымыз керек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақ елінің тәуелсіздігіне 28 жыл толса да, ұлтымыз құлдық санадан түбегейлі арыла алмай жүр. Бұл жайлы тегімізді  түзеудегі аса қызу талқыланатын мәселеден де  анық көре аламыз.

Тегімізге ықылым  заманнан  бері  жалғанып келе жатқан  -ов,-ев, -ова,-ева, -ин жалғауларының сіз мағынасын білесіз бе? Бұл жалғауларға қарапайым халық аса мән беріп қарамасы қақ. Шын мәнінде, бұл - құлдар мен күндердің қай құл иеленушіге тиесілі екенін анықтайтын жалғаулар деген мәліметтер кездеседі. Осы жағдайдан кейін орыстың қарғыбауы секілді болған жалғаулардан арылу сізді де ойландырары әбден мүмкін. Көршілес Әзірбайжан елінің орталық АХАЖ басшысының орынбасары Джалолиддин Рахимов Азаттықтың Тәжік қызметіне азаматтардың хал актілерін тіркеу туралы заңға арнайы өзгеріс енгенін және онда Тәжікстан азаматтарының аты-жөндеріндегі орыстың  -ов, -ова, -ович  және –овна жалғаулары заңсыз деп танылғанын атап өтті. Заңды орындау барысында Тәжікстанда осы аталған жалғаулар жалғанған  болса, АХАЖ бөлімі тіркемеуге хақылы іспеттес тәртіп орнатқан. Бұл өскелең ұрпақтың бойында ұлттық және патриоттық сезімді ояту мақсатында жүзеге асырылуын  шенеулік жасырмады.

Осы секілді, Қазақстан Республикасының  Президенті  1996 жылы   2 сәуірінде қол қойған  №2923 Жарлығында мемлекет құраушы ұлт азаматтарының  тегінің, әкесінің атының және өз есімдерінің дұрыс жазылуы жайында қарастырылған. Бірақ Жарлықтың заң күшіне ие болғанына 16 жылдан асса да әлі күнге дейін аты-жөніміздегі  ала-құлалықтан арылмай келеміз.

Қоғамға белгілі Сайлау Батыршаұлы тек туралы мақаласында фамилияға рудың атын қою қажеттілігі туралы жазған болатын. Бұл мақаламен келіскен Ақселеу Сейдімбек фамилиясына қойған руы «Тарақтыны» алып тастады. Ал кейбір азаматтар Сайлау Батыршаұлын жау көріп, өкпелеп жатты деседі. Қоғам  қайраткерінің мақаласының түйіні-руға бөлінбеу керектігі, бұл мәселеде ұлттық мүддені жоғары қою қажеттілігін алға тарту.

Қазіргі таңда халық арасында кеңінен таралған фамилияларға жалғанған  «ұлы», «қызы» қосымшалары болмаса, жалғаусыздық түрлерін де қазақ азаматтарының тегі үшін лайық емес деген пікірлерге де көп жолығамыз. Соның ішінде жалғаусыздық туралы теріс пікірлер көптеп кездеседі. Бұның себебін мен жан-жақты қарастырдым. Мәселен Төретай Аслан, Идрис Жансая, Көшербай Анарбек секілді аты-жөндерді қарастырсақ, аты мен тегін, жынысын  ажырату мүмкін емес. Бұл тегіміздің түзетілген нұсқасы деп айта алмайтынымыз анық.

Біздің тегіміз ата-бабамызды ұмыт қылмайтындай  нақты әрі текті болуы тиіс. Біз кімнен тарағанымызды дөп басып көрсете білуіміз керек. Міне, мәселенің түп тамыры - «Кімнен?» сұрағына келіп тіреледі. Бұл сұрақтың толық мағынасына үңілетін болсақ, шығыс септігінің сұрағы екенін көруге болады. Егер де осы жайтты ескере отырып, фамилиямызға шығыс септігінің –дан, -ден, -нан, -нен, -тан, -тен жалғауларын қолданып, Маттайдан Аружан деп жазғанымыз дұрыс. Бұл  арғы бабамызды ұлықтаудың, тегімізді түзеу жазып тектілеудің дәлелі деп санауға болады.

Тәуелсіздік әр таңы арайлап атқан қазақ елінде өскелең ұрпақты патриот болуға тәрбиелеуде, ұлттық мүддемізді сақтауда тегімзді түзеу басты рөл атқарады. Сонымен қатар адамның қай ұлттың өкілі екенін тек қана кескін-келбетінен емес, аты-жөнінен де қарап ажыратуға болады. Жеке адамдардың аты-жөнінен - ұлттың дүниетанымы, салт-дәстүрі дәрежесінің ерекшелігі көрінеді. Ендеше,  ұлтымыздың бет-бейнесіндей болып саналатын халқымыздың ат қою дәстүріне, аты-жөнімізді жазуға үлкен жауапкершілікпен қарау - баршамыздың міндетіміз.