Көзқарас

Бағалы уақыт

Алтыннан да қымбат уақыт

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Уақыт - алтын. Жоқ, жоқ ол алтыннан да қымбат. Неліктен?

Алтын бағалы болғанымен оны қайта таба аласың ғой. Ал уақыттың кері қайтқанын көрдіңіз бе? Әлде бұл өмірде қарт кісінің жас сәбиге айналғаны болып па еді? Өмір жалғаса береді, уақытта онымен бірге зымырап өз дегенін алады. 

Ал адам ше? Адам тірі тұрғанда, өз күші өзінде болғанда көп дүниенің қадірін біле бермейді. Себебі адамды билейтін - сана. "Бала берсең сана бер, сана бермесең ала бер" деп Алладан бала тілегендегі ата-ана сөзі осындай болмақ. Адам уақыт өте өзін жөндеуге тырысуы керек. 

"Мен өзгермеймін", "маған бәрібір" деудің өзі бос әурешілік. Ата - анаңды тыңдамай қырсыққанда бір нәрсеге ұрынатыныңдай, бұл дүниеге де қырсығудың қажеті жоқ. Қайта кемшіліктерді жөндеп, алдыңа ақ мата төсегендей ақ қағазға жаңа қаламмен өміріңді қайта жазсаң, ешкімнің сені даттауға құқығы жоқ. Түзу болып өсемін деген ағаштың кінәсі бар ма?! Сол сияқты ақылды боламын деген баладан " айналайын" деген сөзден басқа не айтасың?! 

Қазақта "жеті рет өлшеп, бір рет кес" деген мақал бар. Әр нәрсені ойланып - толғанып жасағанда ғана әр істің нәтижесі болады. Орнымен өз пікіріңді айтып, дұрыс дүниені дәлелдеген әрине жақсы. Бірақ адамның көңілі деген жұмсаққой, сөзді де айтып жеткізу өнер. Айтайын дегенім, уақыт барда сыйластық та, жақсылық та әрдайым адами құндылықты жоғары қойып өмір сүрген жақсы ғой.