Көзқарас

Қазақстанда 5000-ға жуық автожол жарамсыз

Сараптама барысында қатаң заң бұзушылықтар анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2019 жылы анықталған құқық бұзушылықтар асфальтбетон төсемінің қалыңдығымен, беріктігімен, тығыздалуымен және судың қанығуымен байланысты болған.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Жол активтерінің сапасы жөніндегі ұлттық орталықтың бас директорының орынбасары Дархан Саханов мәлімдеді.

Жұмыстар мен материалдар сапасына сараптама 14 облыста және республикалық маңызы бар үш қалада жүргізілді.

Құқық бұзушылықтар Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында анықталған.



Бірқатар аудандар жолдың сапасын сараптауға мүлде қаражат бөлмеген.

Ұлттық орталық жұмысының нәтижесінде 700 миллионнан астам теңгеге жұмыс қайта құрылды. Құқық бұзушылықтардың жалпы сомасы 1,5 млрд. теңгені құрады.

Спикердің айтуынша, 2020 жылы жалпы құны 2,3 млрд теңге болатын 20 000 шақырымнан астам жолға сараптама жүргізу жоспарланған.