Көзқарас

Жан дүниең бай болсын десең...

Өзіңнің ішкі дүниеңмен жұмыс жаса

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мақсат адамға қанат бітіретін, қуат беріп, әр уақытыңды тиімді пайдалануға тікелей әсер ететін құнды дүние. 

Бүгінгі күнде көптеген адамдар күнделікті бір дүниені жасап, жай ғана өмірдің ағынымен кетіп бара жатыр. «Барға қанағат» деген сөз алға қарай ұмтылмау деген сөз емес. Әсіресе, студенттер өздерінің оқу орнын аяқтаған соң, кім боларын, қайда барарын білмейді. Тіпті өз мамандығының атымен толық таныс емес жастар да өте көп.  Алайда, көп ұйықтап, алға қарай жылжуға талпынбайтын  адамның жетістіккк жетуі екіталай.

Тек жастар емес, ата-аналардың өзі таңнан кешке дейінгі мемлекеттік қызметке кіріп, аз жалақымен күн көруде. Автобуста қарап тұрсаң, адамдардың күліп тұрған көздерін кездестріру де қиын. Мәселен, Баласы мақсат қойып, бір үлкен нәрсені қаласа, «Ондай бізге қайдан», «Шамаңа қара» деген сөздермен бетін қағып тастайтындар біздің қоғамда өте көп. Алайда, ол ата-ана да өзінің ата-анасы миына сондай бағдарлама құйғанына кінәлі емес. Мұның барлығы адам баласының миындағы шектеулерге байланысты. Үлкен нәрсені армандауға қорқудың өзі өте үлкен мәселе.

Бұл дүниеден қалай арылуға болады? Неге адамдар өздерін қазіргі сәтте бақытты сезінбейді? Қазіргі адамдардың миында өзгеге деген өкпе, реніш, ашу, ыза, кек-адамның энергиясын босқа алатын дүниелер өте көп. Психологтардың зерттеуінше, адам таңертең оянғанда, оның энергиясы 100% болса, соның 70% негативті эмоциялар алып қояды. Демек, адам өзінің ішкі әлемін тазалап, миын тыныштыққа алып келу керек. Бір сәт өзінің ішкі әлеміне кіріп, жалғыздықта ешнәрсені ойламай 15 минут отырып тынығу қажет. Қашан адам жан дүниесін байытса, сонда ғана миына түрлі идеялар мен мақсаттар өздері келеді.

Адам әр таңын қуанышты көңіл күйде арттыру қажет. Сөйлеген әр сөзге мән беріп, біреуді ғайбаттаудан сақтанып, қолыңнан келгенше өзгелерге көмектесу - адамның әр сәтін бақытты етудің негізгі кілті. Мақсатты айқындап, мақсатқа жету жолында жасаған әр қадам-нағыз тұлға болып қалыптасуға алып келеді. Армандауда өз жүрегіңді тыңдап, шын мәнінде нені қалайтыныңды түсіну басты дүние. Әрбір жан айналасына позитив шашып, барынша күліп жүрсе, әлем бақыттырақ болар еді...