Әлем жаңалықтары

«Оскар» жүлдесiнің иегерлері анықталды

Төрт бірдей жүлдені алған фильм

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Лос-Анджелесте «Оскар 2020» сыйлығының 92-ші марапаттау салтанаты өтті. 

Бұл жолы «Паразиттер» фильмі көш бастады. Оңтүстіккореялық драма «Үздік режиссура», «Үздік соны сценарий», «Үздік шетелдік фильм» аталымдарын, тіпті «Үздік фильм» номинациясында басты қарсыласы «1917» фильмін басып озып, бірден төрт марапатты жеңіп алды.

Үздік басты актер көпшілік күткендей «Джокер» картинасындағы рөлі үшін Хоакин Феникс атанды. «Үздік әйел рөлі» санатында күткендей Рене Зеллвегер («Джуди») лауреат атанды. «Екінші кезектегі үздік актриса» ретінде Лора Дерн («Неке хикаясы»), ал «Екінші кезектегі үздік актер» деп Брэд Питт («Ертеде Голливудта») танылды. 

Бұл Голливуд жұлдызының актерлік саладағы бірінші жеңісі. Бұған дейін Питт 2014 жылы «12 жылдық құлдық» туындысының продюсері ретінде марапат алған болатын.

Элтон Джон мен Берни Топиннің (I’m Gonna) Love Me Again («Роектмен») композициясы «Үздік ән» номинациясын жеңіп алды. Бұл британдық музыканттың өмірінде алып тұрған екінші алтын мүсіні