Көзқарас

Өзіңді жақсы көру эгоизм бе?

Өзіңді жақсы көре білу, бәрінен бұрын, өз басыңды құрметтеу

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сәби кезімізде біз қандай мінсіз едік! Балаларға мінсіз болу үшін ештеңе істеудің қажеті жоқ. Олар мінсіздіктің өзі. Олар нені керек етсе, соны сұраудан қорықпайды. 

Өздерінің эмоциясын еркін білдіреді. Сәби ренжіген кезде, бұл туралы көршілердің бәріне аян болады. Сондай-ақ  сәби шаттанған кезде оның күлкісі бүкіл дүниені нұрға бөлейтінін де білеміз. Балалар махаббатқа толы. Кішкентай балалар махаббаттың жоқтығына төзе алмайды. Алайда өсе келе, біз махаббатсыз өмір сүруді үйренеміз.

Біз де сондай болғанбыз! Ал сосын сол уақытқа дейін қорқуды үйреніп алған үлкендерді тыңдай бастадық та, сөйтіп біз біртіндеп өз мінсіздіктерімізді жоққа шығара бастадық.

Біз өзімізді жақсы көрген кезде, өз іс-әрекетімізді қабылдаған кезде және өз-өзімізбен жеке кезде біздің өміріміз жайнай түседі, тіпті сөзбен айтып жеткізе алмайсың. Барлық жерде - кішкентай ғажайыптар. Денсаулық жақсарады, қолға ақшаның өзі келеді, біздің басқалармен қарым-қатынасымыз гүлдене түседі, біз өзіміздің тұлғалық қасиетімізді шығармашылық негізде білдіре бастаймыз. 

Біз өзімізді бар жан-тәнімізбен жақсы көріп, құрметтеген кезде және өз іс-әрекетімізді мақұлдаған кезде біз ақылдың белгілі бір ұйымын жасаймыз.