Білім және ғылым

ҚазҰУ – қазақ білімінің қарашаңырағы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – өзіндік салт-дәстүрімен бай, көпжылдық білім саласындағы және ғылыми жұмыстарда тәжірибесі мол бірден-бір жоғары оқу орны.

Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Сіздерге алуан түрлі мамандықтарды ұсынатын білім және ғылым ордасы. Соның ішінде, Экономика және бизнес жоғары мектебі - жыл сайын экономика және бизнес, менеджмент және маркетинг, қаржы, есеп және аудит саласында факультеттен түлеп ұшатын 500-дан астам бакалавр, магистр және Ph.D. докторларын дайындайды.

Экономика және бизнес жоғары мектебінде 4 кафедра қызмет істейді: «Менеджмент», «Экономика», «Қаржы және есеп»,   «Бизнес – технологиялар»кафедралары.

  «Менеджмент» кафедрасы мына мамандықтар бойынша жас мамандар дайындайды:

-       Менеджмент;

-       Мемлекеттік және жергілікті басқару;

-       Инновациялық менеджмент;

-       Жобаны басқару;

-       Іскерлік әкімшілік

Кафедраның білім, ғылым, өндірістік және инновациялық потенциалы  жоғары. Олардың барлығы дерлік заманауи әдіс тәсілдерді           қолдану арқылы жоғары квалификациялы білікті мамандарды даярлайды. 

Он бір жыл білім алып, алтын ұядан түлеп ұшқан әр жастың арманы өмірден өз орнын тауып, белгілі бір маман иесі болу. Оқу жылы аяқталар сәтте бітіруші түлектер арасында үлкен таңдау мен талдау жүреді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттаған қазіргі әр түлектің таудай мақсаты – жоғары оқу орнына түсіп, ата-анасының үмітін ақтау. Олар үшін алда сынақ тұр. Ұлттық бірыңғай тестілеуден соң, арман жүгін арқалаған әр түлек өзіне қажетті оқу орнын таңдайды.

Бітіруші түлектер назарына еліміздегі ЖОО-дар ішіндегі ең үздік Университет ҚазҰУ-ды ұсынамызщ. Сіздерді университетімізге шақырамыз!

kaznu.kz


Гүлмира Ғалымқызы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

«Экономика және бизнес жоғары мектебі»

«Менеджмент»

кафедрасының оқытушысы