Әлем жаңалықтары

Коронавирус кезіндегі махаббат

Шынайы сезімге ештеңе кедергі емес

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Полиция қызметкері 10 күн ішінде алғаш рет коронавирустың таралу қаупіне байланысты карантинге жабылған Сюйчжоу қаласында медбике болып жұмыс істейтін әйелін көрген сәті. 

Бұл фотосуретті Қытай мемлекеттік БАҚ-на қала тұрғындарының бірі жіберген.

Бұл суреттің кейіпкерлері - Ван отбасы. Ван Шувэнь Сюйчжоу медициналық университетінің ауруханасында медбике болып жұмыс істейді. Коронавирус тарала бастағаннан кейін, бұл аурухана пневмония жаңа түрімен ауырғандарды емдеу үшін карантин бөлімшесін жабдықтады. Сол сәттен бастап Шувэнь өзге де дәрігерлермен бірге жұмыс орнын тастамаған.

Ван Шувэнь 47 жаста, ол 10 күннен астам үйінде болған жоқ. Оның күйеуі Ван Шенькун 48 де. Ол да карантинге жабық қалада қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету үшін тәулік бойы жұмыс істейді.

- Мен 10 күн бойы сүйіктімді көрмедім. Мен жай ғана оны көріп, өзімді тыныштандырғым келді, - деді Ван. 

Ол әйелі жұмыс істейтін аурухананың карантиндік бөліміне таңғы 7:30-да, оны тек бірнеше минут көру үшін ғана келген.