Әлем жаңалықтары

Гренландия еріген мұздықтардың суын сатпақшы

Ел билігі еріген суды сатылатын өнімге айналдырмақшы. Бұған барлығы 16 экспорттық лицензия берілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Гренландия еріген суды коммерциялық компанияларға сатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Индустрия және энергетика министрі Йесс Сване Tagesspiegel-ге берген сұхбатында айтты.

- Біз суымыздың қаншалықты таза екендігін, қанша мөлшерде және қанша жыл бойы оны экономикалық мақсатта қолдана алатынымызды тексердік. Енді біз әлемге: «бізде таза судың көп мөлшері бар және біз осы ресурстарды пайдалануды ұсынамыз» деп айта аламыз, - деді Сване.

Оның айтуынша, бүгінде су экспортына лицензия алған 9 шағын жоба бар.

- Бірақ біз оны кеңейткіміз және бүкіл әлеммен бөліскіміз келеді. Біз су өндіруге 16 лицензия бердік, - деді министр.

Свейн жаһандық жылыну, бір жағынан, мұздың еруіне ықпал ететінін, ал екінші жағынан жаһандық су тапшылығының артуына ықпал ететінін атап өтті.