Bugin

Радио бізге керек пе?

Радионы жұртшылық қаншалықты тыңдап жүр?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мен қоғамдық тақырыптар ішіне радионы да кіргізгім келеді.Сіздің ойыңызша радио қазіргі таңда керек дүние ме? Радиодан өзімізге не ала аламыз? Ал керек болса қалай дамытпақпыз?

Радио бұл жаһан жаңалықтарын жұртшылыққа жеткізіп, тақырып тарататын сымсыз байланыс түрі. Радио да барлығы бар, әрине егер тыңдаушы құлақ болса... Ән де, хабар да, әңгіме мен жаңалықтар да, ол аз десеңіз құттықтау сөздері мен жүректен шыққан жылы сөздер де осында. Алайда сол дүниелерді жұртшылықтың емес, көлік жүргізушілерің ғана тыңдауы қынжылтады, оның өзінде өзіме керекті нәрсемді алайын деп емес, жай ғана уақыт өткізу мақсатында.

Радио желісінде барлық тыңдаушыларына үздіксіз тек хабарды таныстыра беру емес. Сонымен қатар психологиялық жағдай да жасалынған. Ал сіз онымен хабардарсыз ба? Осы орайда айтқым келгені радио да берілетін хабарлардың өзі тыңдаушының  қабылдап алу жүйесіне байланысты белгілі бір уақыт аясында беріледі екен.

Мысалы адамның тәтті ұйқысынан оянып, енді көзін ашқан уақытында жеңіл хабарлар, жаттығу мен ойын-сауық бағдарламалары болса, түскі уақытта адамдар күрделі тақырыптарды жақсы қабылдай біледі деген тұспалмен қоғамдық тақырыптар мен күрделі хабарлар таратады.

Мен жақын күндері адамдардың радио жайында ойын білу мақсатында кішігіріп сауалдар қойып,жауаптар алып көрген болатынмын. Ең қызығы, көбі радио станцияларын мүдірмістен айтып тұр, алайда оны тыңдауға келгенде "тек жол үстінде, көлік кептелісінде, тыңдамаймын" деген жауаптар алдым.

Дегенмен көбісі радио өзіндік ақпараттарымен, қызықты тақырыптарымен қазіргі қоғамға қажет деген ойларын айтып қуантты. Бір есімде қалған жауап - қазіргі таңда радио қажет.

Менің ойымша автобуста жастардың құлаққаптағы мағынасыз өлеңдерінің орнына радиодағы тың ақпараттарды тыңдап отырса жақсы болатын сияқты. Сол себепті қоғамдық көліктерге радио орнатуды ұсынар едім" деген болатын. Шын мәнінде де радио дамытуды шындап қолған алсақ, білімді жастардың,жаңалықтардан хабардар, салиқалы адамдардың көбейетіндігі анық. Бірақ қалай? Ал сіз радионы дамыту жайында ойланып көрдіңіз бе?