Қоғам

Нұрымбетов келеке еткендерге: «Жәрдемақы 74 мың теңгемен шектелмеу керек»

Министр Біржан Нұрымбетов жаңа жәрдемақы шараларын түсіндірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Журналистерге сұқбат берген Біржан Нұрымбетов 15 баланың жәрдемақысына қатысты келеке сөз тарағанын білетінін айтты.

Нұрымбетовтің айтуынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленетін жаңа жәрдемақы енгізілді. Ол баланың санына сараланады. Төрт бала болса, 42 500 мың теңге шығады, бес балаға – 53 мыңдай, алты балаға – 64 мың, ал жеті бала болса, 74 400 шығады. Сонымен қатар ол өңірлерді аралап келген депутаттардың 74 мың теңгемен шектелмеуді ұсынғанын да айтып өтті. Орта есеппен бір балаға 10 600 теңге шықса, оны ары қарай сегізінші балаға да, тоғызыншы балаға да төлеу керек деді. Оның айтуына қарағанда, осылайша заң жобасы әзірленді.  

Егер заң жобасы қабылданса, жаңа жәрдемақы жеті баламен шектелмейді. Сөйтіп 15 балаға 150 мың теңгеден астам жәрдемақы беріледі.

Министр негізгі мақсат – жәрдемақыны жеті баламен шектемеу екендігін айтты. Сонымен қатар ол 15 бала тусаңыз ғана жәрдемақы беріледі деп ешкімнің айтпағанын ескертті.