Қоғам

Қазақтың ұмытылып бара жатқан ұлттық ойындары

Қазақтың той ойындары

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Заманыны қарай салты,ағымына қарай ойы өзгеріп жатқан қазақтар өз дәуірінде қандай ойын ойнаған. 

Бәрімізге белгілі көкпар, алтыбақан, ләңгі, қыз қуудан да басқа ойындар болды ғой.Әрине, өткендегі салт-сана, әдет-ғұрып, жора-жосындардың, сонымен байланысты айтылатын ғұрыптық өлеңдердің ең озық деген үлгілері болмаса, көбісі заман талабына ілесе алмай ұмыт болып, қолданудан шығып қалды.Біздің уақытқа жетпей қалған ойындар. 

АСАУ КӨК. Кешкі астан кейін мейманға ән салғызу, әңгңме-ертегі,жұмбақ немесе жаңылтпаш айтқызу мақсатымен ұйымдастырылады.

Әуелі үй иелері ауылдың алты ауызын айтады да, онан соң қонақ кәдесі деп мейманның өнер көрсетуін сұрайды. Түк білмейтін қонақты айып ретінде мінгізетін керме арқан Асау көк деп аталады. Кермеге мінген қонақ әрі-бері сүрінбей жүруі керек. 

КҮМІС ІЛУ. Күміс ілу-ептілікті, атқа жақсы отыруды керек ететін ұлттық ойын. Келін түсіру, қыз ұзату салтанатында қалыңдық орамалға түйіп, өзінің күміс шолпысын, әйтпесе жүзігін тастайды.Сондықтан да кей жерлерде бұл ойын жүзік ілу деп аталады. Қатты шауып келе жатқан шабандоз жігіт ат екпінін бәсеңдетпестен, әлгі орамалды іліп алуы керек. Сонда ол беташар айтуға рұқсат алады. 

САНАМАҚ. Көпшілік қатасады. Ойынның шарты: ойын бастаушы қатасушы бір адамды ортаға алып шығады. Ол адам бір тектес атау сөзден жаңылмай, кідірмей аттап жүгіріп айтып шығуы керек. Тоқтамай, қателеспей айтып шықса жүлде алады. Егер қателессе ойыннан шығады. Мысылы: жаңылмай 10 ақынның атын атау керек, жазушыны қаспау керек, немесе 10 өзеннің атын атау керек, көлді мұхитты қоспау керек, немесе тек қыздардың атын, осы сияқты. 

АҒАШ АЯҚ. Ағаш аяққа мініп үйренбеген адам алғашқы да дұрыс жүре алмай жұртты қыран-топан күлкіге батырады. Ал жақсы үйренген адам тез әрі шалт жүре алады. Әрі  ол сырық үстінде тұрып түрлі сайқымазақ сөздер айтып, қимылдар  жасайды, ән айтады, екеуара айтысыды да алады. Қазақ халқының атақты әншісі Әміре Қашаубаев айтуымен кең тараған "Ағаш аяқ" әні осы ойынның атымен аталған.

Мына жаңарып жатқан әлемде. Біреудің жасанды жасығын асылым деп. Өзіміздің асыл құндылықтарымызды жасыққа айналдырып алмайық.