Әлем жаңалықтары

Түркия Иранмен шекараны жапты

Не себепті?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркия билігі коронавирус індетінің артуына байланысты Иранмен шекараны жапты, – деп хабарлайды елдің денсаулық сақтау министрлігі. 

Бұл мәселе жөнінде Түркия денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа: Ирандағы коронавирусты жұқтырғандар санының артуына байланысты көршілес елмен шекарамызды жабу жөнінде шешім қабылдадық. Жағдайға қатысты сыртқы істер, ұлттық қорғаныс, ішкі істер, көлік, сауда және басқа да тиісті министрліктермен қажетті шараларды қабылдадық. 

Сондай-ақ бұған дейін Ираннан келген барлық жолаушылардың медициналық сараптамалардан өткендігін жеткізгім келеді», – дейді. Екі ел арасындағы Гүрбулак, Капыкөй мен Эсендере өткізу бекеттері белгісіз мерзімге дейін өз жұмысын тоқтатты. Сондай-ақ теміржол мен Ираннан келетін ұшақ сапарлары кеше түнгі 23:00-ден бастап қатынамайтын болды. Алайда, Түркиядан Иранға әуе сапарлары жалғасады. 

Иранда жаңа типті коронавирусты 43 адамның жұқтырғаны анықталса, қатерлі вирус салдарынан қаза тапқандардың саны сегізге жетті. Ресми мәліметтер бойынша, Иран Қытайдан кейін коронавирус дертінен ең көп жапа шеккен ел қатарына енген. Ал Түркияда бүгінге дейін жұқпалы індетпен ауырғандар тіркелген жоқ. 

The Qazaq Times