Көзқарас

Сезімдердің төресі - махаббат

Нәзік сезім

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Махаббат – адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі.

Махаббат - адам жүрегі өз шынайы махаббатын кездестігенде лүпілі жиілеп, ол жоқ болса тоқтап қалады екен. Жүрек өз шын махаббатын, өз жартысын тапқан кезде сезеді екен.Соған қарай алып ұшып,сені сенің махаббатың сол дегендей жетелейді де тұрады. Сен емес жүрегің онымен кездесуге ұмтылады екен.Ұнатасың,ғашық боласың.  Тек сүйемін деген сөз ойыңа келмейді екен. Менде де солай болды. Ең алғаш оны жай ұнаттым жақсы көрдім. Бірақ сүйемін деп ойламадым, менің тағдырым дәл сол адам деп ойламаппын. Адамды бірден сүймеу менің шынайы маxаббатым бұл емес деп ойламау керек екен. 

Сезімің алғашқыдай болмайды екен. Мүлде басқа онсыз таңыңда атпайды,күніңде батпайды, онсыз бір күнің бір ғасырданда ұзақ көрінеді.Онсыз ас батпайды,жүрегің тек соны ойлайды,онсыз не ұйқы не күлкі жоқ, шөл далада жалғыз өзің сусыз, тамақсыз қалғандай сезімде боласың. Ойлайтын шығарсыңдар:"е, ол басында ғана солай, уақыт өте келе, бала болған кезде бәрі басылады деп" жоқ меніңде екі қызым бар, отбасы құрғанымызға төрт жылдың жүзі болды. Шынайы махаббат қаласаңда қаламасаңда өшпейді екен уақыттың да адамныңда қолында емес екен. Тек бір алланың қолындағы нәрсе. Мен жарымды жанымнан артық сүйем.Себебі ол алланың сыйы маңдайыма шыр етіп келгенде жазылған тағдырым. Қайда жүрсеңде тағдырдан қаша алмайсың. Оданда одан қашпай қабылда сені жүрегің жетелейді.

Міне, сезімдердің асылы ол - Махаббат.

Махаббат барда адам баласының жүрегі жұсақ, иманы биік болады.