Білім және ғылым

Шетел берген білімге неге құмармыз?

Шетелге бару білім үшін бе? Қызық үшін бе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Біз «Болашақ жастардың қолында», «2019 - жыл жастар жылы» деген ұранмен болашағымыздың бейнесін елестетіп келеміз. 

Алайда елімізде кемеңгер жастардың келбеті күн санап азаюда және оған себеп жастардың жұмыс іздеп шетелге ағылуы. Не үшін еліміздің жастары өз отанында білім алудан бас тартып, шетелдің біліміне қызығушылық танытуда. Білімді, жаңашыл бағытта, көзқараста өсіп келе жатқан жастардың еліміздің болашағы үшін керек екенін бәріміз білеміз. Дегенмен әрбір білім алушы тұлғаға шетелде білім алу мүмкіндігі туа қалса, қазір кетуге дайын. Бұл естігіміз келмесе де, көзімізбен көріп жүрген шындық.

2017 жылы елімізден 3278 жас шетелге кеткен. Білім алуға барып, күнкөріс үшін жұмыс істеу біздің елден барған жастарға тиімді ме деген қате пікір туындайды. Шетелде даяшы немесе жарнама қағазын таратушы болсаң да, біздің елімізбен салыстырғанда қомақты қаржы алатыны белгілі. Қазақстанда білім жеткілікті деңгейде беріледі, ал шетелде оқу біліміңді жаңарту, бәсекеге қабілеттілігіңді арттыру үшін қажет. Ал шетелге жұмысқа кету еліміздің білім беру дәрежесінің жоғары екендігін көрсетеді. «Бірақ неге елімізден емес?» деген сұрақтың жауабы басқа мәселе.

Жыл сайын білім беру жүйесі жаңартылып, білім алушы жастарға көптеген мүмкіндіктер жасалуда. Бірақ елімізден шетелге кетіп жатқан жастардың саны артып, білікті мамандардың саны кемуде. Шетелге кетіп түрлі жағдайды басынан өткеріп, елге қайта оралып жатқандардың да саны аз емес.

Статистикаға сенсек, осы уақытқа дейін бағдарламаның арқасында шетелде білімін жетілдірген қазақстандықтардың саны 10 мыңнан аса жығылыпты.

Шетелде өмір сүруге бел буып, сонда қалып жатқан жастарымыз түрлі оқиғалар мен қиындықтарға да тап болуы әбден мүмкін. Ондағы адамдардың көзқарасы сан түрлі. Мысалы, шетелдіктер Қазақстан туралы ең жиі айтатын деректердің рейтингіне,«қазақтар әлі күнге дейін киіз үйде тұрады», «жылқының етін жейді», яғни олар үшін бұл ақылға қонымсыз дүние болғандықтан осылай ойлайды екен. 

Демек шетелге жұмыс іздеп барған азаматтарымыздың кейін алданып қалуы немесе оларды «адам саудасына» да пайдаланып кетуі әбден мүмкін. Осы рейтингтің қатарында: «Қазақстан жері тыныш емес, көп жылдан бері террорлық соғыс жүріп жатыр» дейтін адамдар да баршылық екен.

Бұл шетелде жүрген жастарымыздың діни сауаттылығына да өз әсерін тигізбей қоймайды. Саралап қарайтын болсақ, шетелге ағылудың себебін де, жауабын да таба аламыз. Өзге елде сұлтан болғанша, өз елімізде ұлтан болайық.