Көзқарас

Мен қазақпын!

Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген. Жөргегімде таныстым мұң тілімен Жылағанда жүрегім, күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Текті түріктің, киелі көк бөрінің қайсарлығынан нәр алған қазақпын! Найзаның ұшымен қасиетті жерді жау қолынан азат етіп, елінің жарқын болашағы үшін қиян-кескі соғыста қаза тапқан батыр бабалардың жалғасымын.

Талай азапты күндерден азат күнге қол жеткізе білген қайратты, намысты алаштың ұрпағымын!

Биыл тәуелсіздігіміздің таңы арайлап атқалы жиырма тоғызыншы жыл... Қиындық, қуаныш, ізденіске толы жылдар... Бұл дүрбелең жылдар ішінде Қазақстан Республикасы құлашын кеңге жайып, еңсесі биік елдермен  терезесі теңесіп қалды десек артық болмас. Талай тарихи бастаулар арқылы қазақтың есімін күллі әлемге танытқан игі жақсының тәлімін алған, жалынды жастарымыз елдің жарқын болашағы үшін күресті өз қолдарына алды 

Бүгінде аты әлемге әйгілі Витастың өзін басып озған қазақтың қарапайым жігіті Димаш Құдайбергенді танымайтын адам кемде-кем. Өзінің қоңыр дауысы,ерекше кең диапазонымен әлем халқын өзіне тәнті етті. Бүгінде қазақтың Димашын бүкіл әлем мойындап отыр. Осындай талантты,өзінің ерекше әуезді үнімен әлемді бағындырған жалғыз Димаш емес.Күні кеше жеңіс туымен оралған Ержан Максим,Данэлия Тулешова сынды Қазақстанды мәдениет жағынан танытып жүрген өрендер көп.

Қайда қарасаңызда,қай сала болсын қазақтың есімі айтылуы тиіс. Себебі сан қырлы қазақ қайда болсын өз орнын,өз биігін табуы керек!

Біз бүгінгі жас ұрпақ,алпыс екі тамырымыздан нағыз батыр,нағыз талантты өнер иелерінің қаны тулап ағып тұрғанда қазақтың жаңа биігінің алтын қазығын табуымыз керек!Біх қалай қазағымызды көркейтеміз?!

Батыстанып кетпей,шет елге еліктемей неге қазақ болып қалмасқа?Көк туымыз желбіреп,әуелетіп әнұранымыз әрдайым есімізде шырқалып тұрса "мен қазақпын" деген мақтаныш көкірегімді кернейді. 

Мен қазақпын! Мен биікпін! Мен байтақпын!