Әлем жаңалықтары

Коронавирус тіркелмеген жалғыз континент қайсы?

ДДСҰ "пандемия" атауын соңғы рет қашан қолданды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Инфекцияның көбеюіне байланысты коронавируспен ауырғандар саны да күрт артқан. Бүгінде коронавирус Антарктидадан басқа барлық континенттерде тіркелген. Сондай-ақ бұл дертпен ауырғандар саны бойынша Оңтүстік Корея, Италия, Иран сынды мемлекеттер көш бастап тұр.

Осы факторлардың барлығы ДДСҰ-ға пандемия туралы декларация қабылдауға негіз болды. Сондықтан саяхат саласындағы саясатқа өзгеріс енуі мүмкін. ДДСҰ қалалар мен елдерге карантин енгізу қажеттілігі туындаса, бұған дайындалу керектігін айтты. Сондай-ақ көпшілік қатысатын іс-шаралар кейінге қалуы ықтимал.

ДДСҰ «пандемия» атауын соңғы рет 2009 жылы шошқа тұмауына қатысты қолданған. Бірақ артынша бұлай атаудан бас тартады. Себебі сыншылар жағдайдың соншалықты ауыр емесін, адамдарды дүрліктірудің қажеті жоғын айтқан.