Көзқарас

Уилл Смиттің өмірлік сабақтары

Голливуд актерінің өмірлік қағидасы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

1. Реалист болмаңыз.

Жаңа дәуір заманында барлық ғалымдар дерлік реалист болған жоқ.

Егер әлем сол кезде тек реалист ғалымдардан құралғанда, біз әлі де қараңғы үңгірлерде, көліксіз және коммуникациясыз, ғылым мен техниканың барлық жаңалықтарынсыз өмір сүрер едік. Қазақта мақал бар ғой: «Арманы жоқ адам-қанатсыз құспен тең» деген. Сол сияқты әрбір ғалым қиялы мен арманына ерік бермегенде, адамдар көп жаңалықтан хабарсыз болар еді. Реалист болмаудың нәтижесінде қазірде түрлі ғылым салалары дамып жатқанын ұмытпаңыз. Міне сол үшін де әрдайым армандай біліңіз. Армандау үшін батыл түрде алдыңызға сізді қорқытатын үлкен, батыл мақсаттар қойыңыз.

2. Ұлы адам болуға тырысыңыз.

Уилл Смит: «Мен бұрын-соңды өмір сүрген ұлы адамдар сияқты болуға тырысамын»

Орта  деңгейге және қарапайым болуға ұмтылған адамдар ешқашан ұлылыққа жете алмайды.  Ұлы адам  болу үшін, алдымен ұлылыққа ұмтылу керек. Ол үшін сіз көптеген адамдарға көмектесуге тырысуыңыз қажет. Нәтижесінде  бұрын сізде болмаған танымалдылыққа қол жеткізе аласыз. Және сізге орташа деңгейдегі адам болудың қажеті болмайды.

3. Ақыл-ойыңызға қараңыз.

Уилл Смит: «Мен әрқашан Голливудтың супер жұлдызы болдым. Алайда мен бұл туралы білмедім ».

Егер сіз  танымалдылықты көре алмасаңыз, сізде ол жоқ деген сөз. Сіз мақсатыңыз шындыққа айналмастан бұрын, не нәрсеге қол жеткізгіңіз келетінін алдын-ала болжауыңыз керек. Ол үшін өзіңіздің жетістіктеріңізге сенімді болыңыз. Әрбір жетістігіңізді сезіне біліңіз. Бірақта бос мақтанба салынбаңыз.

4. "Жоқ" деген жауап естісеңіз, неге  олай екенін сұрап көріңіз?

«Әрқайсымыздың әр түрлі білім саласында қандай бір деңгейде қабілетіміз бар». Алайда оны адамдар өзі білмейді. Осы орайда көптеген адамдар өзгелердің қабілеттерін асыра бағалайды да,  өздерінің қабілеттерін ескермей жатады.  Ешқашан өзіңіздң елеусіз адам ретінде санамаңыз, басқа адамдарды жоғары деңгейге қоймаңыз.  Ол үшін өзіңізге сұрақ қоюыңыз керек: «неге бұл орында мен тұрмауым керек?»  немесе «менің ол адамнан қай жерім кеміс»  деген секілді. Иә, сізден жоғары адам әрқашанда табылады. Дегенмен барлық қабілеттері сізбен деңгейлес адамды табу өте қиын.  Сол үшінде өзіңіз қызыққан салада жұмыс жасап көріңіз. Және де ешқашан өзіңізді төмен санамаңыз.

5. Тек алға қадам басыңыз. 

Әрқашан кешіруге және алға ұмтылуға дайын болыңыз. Сізді сынайтын адамдар сүйіспеншілікке мұқтаж екенін түсініп, оларға мән бермеуге тырысыңыз. Жек көру кекті тудырып, сіздің алға жылжуыңызға көмектеспейді. Ал,  махаббат сүйіспеншілікке бастайды. Әртүрлі  жағымсыз нәрселермен бетпе-бет келген кезде де алға ұмтылуды жалғастыра беріңіз. Сізге өз ойларыңыздан басқа ешкім кедергі бола алмайды. Осыны әрдайым есіңізде сақтаңыз.