Әлем жаңалықтары

OneWeb және Байқоңыр

Қолжетімді ғаламтор мәселесі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

OneWeb британ компаниясы жаһандық интернет-байланысты қамтамасыз ету бойынша тарихтағы ең ауқымды жобаны жүзеге асыру үшін спутниктерінің кезекті партиясын ғарышқа жіберді. 

Осы мақсатпен, сенбі күні "Байқоңыр" ғарыш айлағынан 34 спутник ғарыш аппараты орналасқан "СОЮЗ" зымыран-тасығышы ұшырылды.

OneWeb стартапының идеясы - әлем халқын кеңжолақты ғаламтормен қамтамасыз ету. Бұл интернет дамымаған кедей елдерге және интернет байланыс цензураға ұшыраған мемлекеттерге керек.

Бұл жоспарды жүзеге асыру үшін 600-ге жуық жерсерікті іске қосу көзделіп отыр, соңғы партияны қосқанда, 74-і ғарышқа ұшырылды.

Жобаның инвесторлары Airbus Group, Virgin Group, Coca-Cola, Qualcomm Inc сияқты ірі компаниялар болып табылады. Егер жобаны іске асыру сәтті өтсе, тіпті ауылдық жерлерде де, ғаламшардың ең шалғай облыстарында да интернет жылдамдығы секундына 10 терабитті құрайды.

Жоба 2021 жылдың төртінші маусымына дейін аяқталуы тиіс. Алайда соңғы әлемде орын алған жағдайларға байланысты, бұл жобаның жүзеге асырылуы кешігуі мүмкін.