Атырау облысы

Атырау: Карантиндегі мәдениет қызметкерлері полицейлерге бетперде тігіп жатыр

Атыраулық мемлекеттік қызметшілер полиция қызметкерлерін қосымша бетпердемен қамтамасыз етуде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атырау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық халық шығармашылығы орталығы қызметкерлері өздері дайындаған 100-ден астам бетпердені патрульдік полиция қызметкерлеріне табыс етті.

- Еліміздегі қиын жағдайға байланысты індет ошағында қауіпті аймақта жүрген тәртіп сақшыларын қолдау мақсатында өзіміздің қолымыздан шыққан бетперделерді әкеліп тапсырып тұрмыз, - деді  Орталық басшысы Бақытбек Сартбаев. 

Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше жағдай жарияланған күннен бері күшейтілген тәртіпке көшірілген  жеке құрам түгелдей бетперде(маскамен), басқа да тиісті құралдармен қамтамасыз етілді.

Мемлекеттік кызметшілердің  карантин кезінде өздері тігіп, дайындаған бетперделерді полицейлерге  арнайы келіп, табыстағандары үшін алғыс білдіреміз.