Әлем жаңалықтары

Короновирусты жұқтырған алғашқы адам кім?

Басында ешкім сезбеген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Коронавирустық инфекцияның отаны  болған Қытай елінің Ухань қаласында  COVID-19 вирусын жұқтырған  алғашқы адам туралы Sina баспасы ақпарат жариялаған болатын. 

Ақпаратта Уханьда коронавирусты жұқтырған алғашқы адам Хуанан теңіз өнімдерінде асшаяндарды сататын әйел екендігі айтылған. 11 желтоқсанда әйелдің ыстығы көтеріліп, дәрігерге барған. Агенттіктің сөзіне қарағанда әдетте ауруханада науқастарға екпе егілген соң, олар өзін жақсы сезінетін. Алайда бұл жолы 2 екпеден соң да науқас өзін жақсыра қоймаған. 

Сонымен арадан 5 күн өткен соң әйел Хуачжун ғылым және технология университетінің Сиэхе ауруханасына жөнетілген. Кейіннен әйелдің  коронавирус диагнозымен ауырған алғашқы адам болғандығы белгілі болды. 

Журналистердің болжамдары бойынша, дәл осы нарық инфекцияның таралуының негізгі көзі. 

2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін, Уханның денсаулық сақтау комитетінің мәліметі бойынша, бірінші топта 27 адам короновирус індетін жұқтырған.  Олардың 24-і Хуанан базарында болғандар болса, ал төртеуі бір отбасының мүшелері. 

Сонымен қатар журналистер Хуанан теңіз өнімдері базарында мүлдем болмаған, алайда короновирусты жұқтырған алғашқы ер адамды анықтаған. 

16 желтоқсанда науқастың температурасы көтеріліп, Ухань қаласының маңындағы ауруханаға түскен. Алғашында науқас вирусты қай қай жерде жұқтырғанын түсіне алмаған. 

Бірақ та ауруханаға түскен соң, инфекцияны метрода жұқтырған болуы мүмкіндігін айтқан. 

Украиналық жаңалықтар хабарлағандай, Италияда 101 жастағы ер адам коронавирус ауруынан айығып кетті.