Шымкент

Шымкентте коронавирусқа қатысты төтенше телефон нөмірлері іске қосылды

Жедел байланыс

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласының  денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарға карантин режимін қатаң сақтауға және вирустың таралып кетпеуі үшін үйден шықпай отыруға шақырады.

«Үйде отырып, Сіз өзгелердің өмірін сақтайсыз. Гигиена талаптарын қатаң ұстаныңыз және адам көп жиналатын жерлерге мүлдем бармаңыз. Жақындарыңыздың денсаулығы сіздің жауапкершілігіңізге байланысты. Денсаулық сақтау саласына қатысты  мәселеңіз немесе  қосымша сұрақтарыңыз болса 39-33-47 немесе 1406 нөмірі бойынша  бірыңғай Call-center хабарласуға болады. Өз отбасыңызды қорғаңыз! COVID-19 індетін біз бірге жеңеміз! #Bizbirgemiz», - делінген хабарламада.

Ескес ала кетсек, Шымкентте 4 сәуір күні сағат 21:00-ден бастап карантин режимі енгізіледі. Карантин режимі аясында Шымкентте барлық мекемелердің жұмысы уақытша тоқтатылады. Саябақтарға, қоғамдық тамақтану орындарына баруға болмайды, кафелер мен мейрамханалар үйге жеткізу бойынша ғана жұмыс істейді. Қаланың қоғамдық көліктері таңғы сағат 7.00-ден кешкі 19.00-ге дейін ғана қызмет көрсетеді. Азық-түлік базарлары сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін, азық-түлік дүкендері сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. 55 жастан асқан адамдарға аса қажеттілік туындамаған жағдайда далаға шығуға болмайды.