Шымкент

Шымкентте коронавирус жұқтырған тағы бір адам табылды

14 адам барлығы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласында 5 сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы 1 жағдай тіркелді.

Қаладағы Желтоқсан көшесінің тұрғыны 24 жасар азамат, Жетісай қаласынан тіркелген науқаспен 23 наурызда Петропавл-Қызылорда пойызымен бірге келіп, байланыста болғандықтан 2 сәуір күні оқшауланып, провизорлық стационарға жатқызылған. Тест сынамалары инфекцияға оң нәтиже көрсеткендіктен 5 сәуірде жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды. Науқастың жағдайы қалыпты.

Қазіргі таңда қажетті қауіпсіздік шаралары жүргізіліп, қаладағы Желтоқсан көшесі, 3 А үй карантинге жабылды.                                        

Науқаспен байланыста болған 7 адам анықталып, олар да оқшауланды (оның бесеуі отбасы мүшелері).

Бүгінде қалада жалпы коронавируспен 14 адам тіркелді.