COVID-19

Дональд Трамп: Экономикалық тоқырау індеттен де қауіпті

Халықты құтқару керек пе, әлде экономиканы ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Соңғы уақытта АҚШ короновирус індетінің басты ошағына айналды. Бұл ел экономикасына зор шығын келтіріп отыр. Қор нарығы құлдырап, кәсіпорындар жабылғандықтан, АҚШ-тың миллиондаған тұрғыны жұмыссыз қалды.

Соңғы күндері Дональд Трамп ел экономикасын қалпына келтіруге мүдделі екендігін бірнеше рет мәлімдеген болатын: "Жыл сайын тұмаудан орта есеппен 37 000 адам қайтыс болады. Біз осыған байланысты ешқашан елімізді жапқан жоқпыз. Аурудан көп адам ажал құшуы мүмкін. Бірақ, елді тоқырауға әкелсек, одан да көп халық қазаға ұшырайтын түрі бар. Тұрмысы нашарлаған мыңдаған адам өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін. Елдегі жағдай тұрақсызданады". 

АҚШ президентінің экономикалық тоқырау короновирустен де қауіпті деген үндемесі қоғамда үлкен дау туғызды. 12-інші сәуірге дейін барлық қызметкерлердің жұмысқа оралып, елді ауыр жағдайдан құтқаратын кезі келді дегені көптеген сайлаушылардың көңілін қалдырды. 

Мұндай жағдайда алдымен халықты құтқару керек пе,әлде экономиканы ма деген мәселе өзекті болып тұр.