Көзқарас

Мархабат Байғұт: Жаһандық індетпен күресте тәртіп пен бірлік керек

Әлемдік дерт

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан қауіпті дерттің алдын алуға әлем елдерінің ең алғашқыларының бірі болып кірісті. Соның арқасында болар мына бір дерттің қауіпті кезеңінде еліміз барлық сақтық шараларын күшейтіп, нәтижесінде көп қауіптің алдын алуға әрекеттеніп жатыр.


Әлемге көз жүгіртетін болсақ, дүниежүзі бойынша 1,4 миллионнан астам адам осы сырқатқа шалдығып, ондаған мың азаматтың жаны қиылды. Біздің елде де 600-ден астам азамат асы індетпен күресу үстінде. Сондықтан да Елбасының бүгінгі үндеуі алаңдалы отырған халық үшін үлкен серпін берді. Себебі, Елбасы әрбір қазақстандық қамқорлықсыз қалмайтынын айтты. «Бүгінгі күрес даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының: «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген ел құл болмайды» деген қанатты сөзін еске салады және соны бекем ұстануды талап етеді». Осылай деген Елбасы бүгінгі үндеуінде  елді қиындыққа қайыспай, белді бекем буып, береке-бірлігімізден айырылмауға шақырды.

"Біз - біргеміз" деген ұранмен қазақ жерінің түпкір-түпкірінде халық "бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып" бейбітшілік пен келісімнің айқын көрінісін көрсетуде. Тәртіпке бағынайық, сақтық шараларын сәт сайын назарда ұстайық. Біз, бәрін де бірге жеңеміз.


Жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұт