Шымкент

Шымкентте 18 055 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған

Карантин кезеңі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Шымкент қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

Биылғы жылдың I тоқсанында Шымкент қаласы бойынша атаулы әлеуметтік көмекке барлығы 20 445 отбасы құжат тапсырған. Оның ішінде 16 208 отбасы шартты, 4 237 отбасы шартсыз ақшалай көмекке өтінім білдірген. Нәтижесінде, 14 172 отбасыға шартты, 3 883 отбасыға шартсыз ақшалай көмек тағайындалған. 2 390 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартылған.

Бірінші тоқсанда бас тартылған отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмекке жаңадан өтініш білдіретіндер ендігі кезекте Egov.kz порталы арқылы өтініш бере алады. Ал бірінші тоқсанда көмек алған отбасыларға екінші тоқсанда (сәуір, мамыр, маусым) пролонгация, яғни ұзарту тәртібімен тағайындалады. Егер отбасы құрамы өзгермеген болса, онда орталық мамандары қайта есептеу жүргізеді.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде енгізілген төтенше жағдайға және Шымкент қаласының карантинге жабылуына байланысты халықты жұмыспен қамту орталығы 26 наурыздан бастап өз қызметін қашықтан көрсетуге көшкен.

Egemen.kz