Шымкент

Шымкент: ТЖ кезінде мүгедектер бұрын белгіленген топ бойынша жәрдемақы алады

Әлеуметтік көмек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қайта куәландыру мерзімі 2020 жылғы 15 ақпаннан кейін келген барлық азаматтарға мүгедектік мерзімін төтенше жағдай кезеңіне автоматты түрде ұзартты.

Бұл ретте жәрдемақыларды төлеу төтенше жағдай режимінің барлық кезеңі ішінде бұрын белгіленген мүгедектік тобы және жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі бойынша жүзеге асырылатын болады.

Ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіштің және ең төменгі күнкөріс деңгейінің артуына байланысты мүгедектік бойынша жәрдемақы қайта есептелді.

Енді мүгедектік бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері: I топ – 62 723 теңге, II топ – 49 983 теңге, III топ – 33 975 теңге,  16 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 45 736 теңге, І топтағы бала кезінен мүгедектер – 62 723 теңге, ІІ топтағы бала кезінен мүгедектер – 51 943 теңге, ІІІ топтағы бала кезінен мүгедектер – 39 202 теңгені құрайды.

I және II топтағы мүгедектерге арналған арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 4 140 теңгені, III топтағы мүгедектерге – 1 778 теңгені, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 2 667 теңгені құрайды.

Мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдарға берілетін жәрдемақы  45 736 теңге мөлшерінде белгіленді.

Бала кезінен I топтағы мүгедектің күтімі бойынша жәрдемақы 45 736 теңгені құрайды.

Жалпы алғанда, 22,8 мыңнан астам алушының жәрдемақысы арттырылды.

Қайта есептеуді ескере отырып,жәрдемақыларды есептеу 2020 жылғы 17 сәуірге жоспарланған.