Қоғам

Жүрегім сыздайды

Қоғам қайда барасың?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мені толғандыратын мәселе қоғамда мейірімнің азайып бара жатқаны. Неге зорлық зомбылық, кісі өлімі, ұрлық көбейіп, қоғам құнсызданып кетті? 

Өзімде бұған жауап жоқ: Құдайдан қорықпау ма, бір-ақ рет берілетін өмірді бағалай алмау ма, адамның ішкі жан-дүниесінің кедейленіп, азғаны ма, жоқ, ақырзаманның белгісі ме?... 

Он жыл бұрын жаңалықтан бір адамға бір адам пышақ салыпты десе, денем түршігіп, біразға дейін есімнен кетпей жүретін. Ал қазір адам өлімімен жас баланың да жүрегін қозғай алмайсын. Ең өкініштісі, қоғамның сырқаты адам өлімімен тоқтап қалмайды...

Қарттар үйі, жетімдер, аналар үйі қашан жабылады? Терроризмге кім тұсау салады? Жаңа бүршігін жарған сәбидің бейкүнә өміріне балта шапқан педофилдерден қашан арыламыз? Жемқорлық қашан жеті атамызға айналған? Айта берсең, таусылмайды. Осындайда ұлттың жойылып кету қаупі, ертеңгі күні бір турам нансыз қалудан емес, адам тіршілігінің қызығы мен құндылығының азайып, ертеңіне салғырттықтан туындайтынын мойындамасқа шараң жоқ… 

Абай атамыз: «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқ­тық – Аздырар адам баласын» деген еді. Біздің қоғамның қисық кетуі иманның әлсіздігінен, тәрбиесіздіктен, тексіздіктен деп ойлаймын. 

Әлемде болып жатқан зұлымдық адамның қолымен жасалса оған антоним ретінде жылуды да, қуанышты да тек тірі жан сыйлай алады! Ел боламын десең бесігіңді түзе деп бекер айтпаған. Менің әлі де үмітім бар... Сіз де үмітіңізді үзбеңіз!