Қоғам

Ғаламдық журналистика және ақпараттық ғасыр

Мәдени төңкеріс

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Адольф Гитлер: «Саясаттың ең соңғы мақсаты – соғыс» деп айтқан екен. Қазіргі жиырма бірінші ғасыр –  ақпараттың соғысы.  Ақпараттың майданы шындық пен жалғанның екі жаққа бөлініп, адам санасына шабуыл жасауымен сипатталады. Журналистердің төртінші билік иесі атағын алуының мәні осыда жатыр.

Интернет. Технология. Ақпарат. Біз өмір сүріп отырған дәуірдің фетиштары деп айтамыз.  Мәдени төңкеріс белең алып отырған мына заманда ақпараттың қоғам өмірі үшін алар орны өте маңызды. Ақпарат не дейді, қоғам солай өмір сүреді. Адольф Гитлер: «Саясаттың ең соңғы мақсаты – соғыс» деп айтқан екен. Қазіргі жиырма бірінші ғасыр – ақпараттың соғысы.  Ақпараттың майданы шындық пен жалғанның екі жаққа бөлініп, адам санасына шабуыл жасауымен сипатталады. Журналистердің төртінші билік иесі атағын алуының мәні осыда жатыр.

Осы уақыт аралығында біз әр елдің журналисткасын зерттей келе, ғаламдық журналистиканың қалыптастырған басты бес сұраққа жауап іздеуі ақпараттың негізін салатынын білдік. Яғни, қатып қалған «кім?», «не?», «қашан?» «қалай?», «неге?» сұрақтарына жауап іздеу. Ақпараттық ғасырда осы сұрақтарғы мардымды жауап алар болсақ, антиақпараттық вирустардың вакцинасын тапқанмен тең боламыз.

Ғаламдық журналистиканың үлгі тұтар мақтанышы болып отырған АҚШ, Германия журналисткасын айта аламыз. Не себепті? Өйткені,журналистері  оқырманын оқыта білген, ақпаратты тайға таңба басқандай беріп, өзіндік методтарымен журналистиканың жілігін шағып майын тамызған елдер болып табылады.

Ақпараттық ғасырдың ең ауыр дерті – әлеуметтік желіде таралған фейк жаңалықтар мен журналистердің салғырттығы. Бәленбай долларға жасалған бір оқ бір адамды ғана өлтіре алса, бар жоғы он долларға жасалған ақпарат бәленбай адамды құрдымға кетіре алады екен.

Мемлекет халқын түзеймін десе ақпаратын берік болуы керек. Қазір ғаламдық журналистиканың басты назарын аударып отырған – пандемия. Бір ғана журналистің аузынан шығатын сөзді бүкіл әлем назарда ұстап отыр. Шыны керек, біздің қазіргі өміріміз бірінші Құдайдың, одан кейін ақпараттың қолында тұр. «Сақтықта  қорлық жоқ» екенін бірінші журналистен естімесек, қарапайым әлеуметтік желідегі алып қашпа әңгіменің маңызы қалмады.

Ғаламдық журналистка десе , өркениет пен жаһандану сөздері еске түседі. Ақпараттандыру дәуірінің негізгі мақсаты да осында. Ғаламдық журналисткада барлық мамандардың не шекарадан тым асып, не төмендеп жатқанын көрмейміз. Билік қандай саясатқа бой алдырады, журналистка да сол бағытқа беттейді. Ақпараттық ғасырда сананы топтастырудың негізгі жолы да осында жатыр.

Адам санасын дер кезінде түземесе, жанынан бұрын тірі өлікке айналады. Ол үшін ақпарат таратушы өмірге қоғамның, биліктің көзімен қарап, білімін жетілдіруі тиіс. Сондай-ақ ғаламдық журналистка өз дәрежесін тек білімнің көмегімен биіктете алады.