Пулитцер сыйлығы: Неге журналистерге берілетін марапат оның атында? - на bugin.kz
Zhanerke ORTAY - на bugin.kz Zhanerke ORTAY

Қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын ұмыт қалдырмаған

Жыл сайын журналистерге Пулитцер сыйлығы беріледі. Сізде мен секілді «Пулитцер деген кім? Оның атымен берілетіндей журналистикаға қандай еңбегі сіңді?» деп ойлап қойған боларсыз. 

Пулитцер газеті арқылы халықтан 100 мың доллор жинаған. Сол ақшаға Нью-Йорктегі Бостандық ескерткіші құрылысын аяқтап, салып берген. 

Джозеф Пулитцер өмірбаяны

Джозеф Пулитцер 1847 жылы 10 сәуірде Будапешт қаласында дүниеге келген. Әкесі мүгедек болғандықтан Пулитцер дімкәс болып туылған. 17 жасында өз отбасынан қашып, Еуропадағы АҚШ армиясының өкілімен жолығады. Атты әсер қатарына алынады. Оңтүстік-Шығыс шататтарға қарсы соғысқа қатысады. 1865 жылы азаматтық соғыс аяқталады. Пулитцер ағылшын тілін жетік білмесе де жұмыс табу мақсатында Нью- Йоркке келеді. Сент-Луис қаласына барып есек бағады, теңіз портында жүк тасушы, кеме капитанының көмекшісі болады. Бос уақытының барлығын кітапханаларда өткізеді. Ондағы мақсаты - ағылшын тілін жетілдіру болған. Эмигранттарды орналастыру мәселесімен  айналысатын неміс мекемесіне хатшы болып  та жұмысқа тұрады.

Пулитцер журналистік жолға қалай келген?

Ең алғашқы мақаласы - «Вестлише Пошт» газетінде жарияланған. Пулитцер Лунзиана штатындағы плантацияға жұмыс жасауға бармақ болады. Алайда кеме капитаны жалдамалы жұмысшыларды  жарты жолдан тастап кетеді.  Мақалада  жұмысшылардың Сен-Луис қаласына жаяу жалпылап әзер жеткендіктерін  суреттеген. 1868 жылы Пулитцер осы газетке тілші болып жұмысқа тұрады. Джозеф Пулитцер табандылығының арқасында таңғы оннан түнгі екіге дейін қызмет еткен. Пулитцерге «Ағылшын тілін акцентпен бұрап сөйлейтін, шидей арық денесіне сай келмейтін «тайқазандай» үлкен басы бар, иегі ұзын әрі үшкір осы бір ажарсыз жас жігіт» деп суреттеме берілген. 

Ең алғаш қай газеттің акциясын сатып алған?

1872 жылы Америкада сайлау өтеді. «Вестлише пост» газеті либерал-республикашылар партиясының блогін қолдайды.  Пулитцер үміткерлерді сөз аямай бар жан-тәнімен насихаттайды. Бірақ, сайлауда олар жеңіске жете алмайды. Бұл сәтсіздік газетке тікелей әсер еткен. Оқырмандарынан айырылып, банкроттықтың бұлты үйірілген. Осы сәтті Пулитцер тиімді пайдаланған. Айлық жалақысынан үнемдеп, төрт жыл бойы жинаған ақшасына газеттің 50 % акциясын сатып алады. Алайда газет басшылары Пулитцердің қарқынына ілесе алмағандықтан, газетті қайта сатып алуға мәжбүр болады. Осы сауданың өзінен Пулитцер 30 мың доллор (ол кездегі 1 америка доллоры біздің ақшаның құнымен шаққанда 500 теңгедей) пайда көреді. 

«Нью-Йорк Уорлд» газетін қаншаға сатып алады?

Бұл газет Пулитцердің қолына өтпей тұрып, жыл сайын 40 мың доллор шығынмен жарық көрген. Оқырман саны да күннен-күнге азая бастаған. Пулитцер осы газет арқылы Нью- Йорк тұрғындарын түгел қамти алатынына сенген. Сондықтан, 346 мыңмен бұл газеттің лицензиясын қағып түсіреді.

Пулитцердің газетке әкелген жаңалықтары қандай?

 Пулитцер «Нью- Йорк Уорлд» газеті арқылы редакторлық- журналистік кәсібилігін дамытады. 

Жедел ақпараттарға аса мән берген. Қылмыс пен жыныстық қатынас туралы да жұрттың қызығып оқитынын білген. Қызықты тақырыптардың барлығын назардан тыс қалдырмаған. 

Сурет, фотолар алғашқыда бір колонкада орын алып келген болса, кейін ХІХ ғасырдың соңында 4-5 бағынаны түгелдей алатын деңгейге жеткізген.

Газетінде спорт айдарына әдеттегі күндері 3-4 бағына, демалыс күндері толықтай бет арнады. Тіпті қыз-келіншектерге бөлек айдар ашқан.

Атақты орыс суретшісі Валериан Грибоедовты жұмысқа алады. Соның арқасында «Уорлд»-тың әр сандарының бірінші бетінің оң жақ тұсының басында саясаткерлердің, ірі байлардың, қылмыскерлердің, жемқорлардың т.с.с. мақала кейіпкерлерінің портреттері берілетін болған.

«Нью-Йорк Уорлд» газетін қандай деңгейге жеткізген?

1.Әлеуметтік-саяси оқиғаларға сын жазатын «Нью-Йорк Таймс» газетін жолда қалдырды. 

2. «Уорлд» 1885 жылы қалалық шеңберден шығып, жалпы ұлттық деңгейде мойындалды. 

3. 1884 жылғы 95 мың оқырманын 1897 жылы 600 мыңға жеткізген.

4. 1893 жылы «Уорлд» алғашқы түрлі-түсті сурет жариялау ісін қолға алған.

5. Журналистикадағы «Сары баспасөз» ұғымының пайда болуына әсер еткен.

6. Саясаткерлердің карикатураларын жариялаған алғашқы таңғы газет ретінде тарихта қалған.

7. Пулитцер осы газетте журналистік зерттеудің негізін қалған.

Басқа магнаттардан айырмашылығы қандай?

Арада біраз уақыт өткеннен кейін екі көз жанарынан бірден айырылған. Сонда да журналистерді, редакторларды жұмысқа алып, шығарып, сөгіс жариялап, жиналыс өткізіп, әр талқылауда бірге болған. Ұжымында 12 мың журналист жұмыс жасаған.

Қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын ұмыт қалдырмаған. Пулитцер газет редакциясын Нью-Йорктағы ең биік ғимарат етіп салғызады. Оған 2,5 миллион доллор жұмсаған. 1989 жылы газеттерінің таралымы 1,3 миллионға жетіп, рекорд жасаған. 1912 жылы 65 жасында дүниеден озады. Артында 18 миллион доллор қаражат қалады. Оның 2 миллион долларын Колумбия Университетінен журналистика факультетін ашуға жұмсау туралы соңғы хатын қалдырған. Ал қалған қаражат жыл сайын дәстүрлі түрде «Пулитцер сыйлығы» деген атаумен журналистерге беріледі. 

0 Пікір Кіру