Шымкент

Шымкентте кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр

Дезинфекция

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Оны дезинфекциялық орталық атқаруда. Мегаполистегі 15 тұрғын алапқа қарасты  6 250 000 мың шаршы метр жер дәріленеді. 

- Залалсыздандыру жұмыстары 7 сәуірден басталған. Қазірге дейін мамандар  Еңбекші ауданына қарасты 467 641 шаршы метр аумақты толықтай тозаңдатып шыққан. «Еңбекші ауданы бойынша «Жыланбұзған», «Бадам-1», «Бадам-2», «Тұрдабат», және «Жұлдыз» тұрғын алаптарын дәрілеу жұмыстары аяқталды, - дейді Шымкент қаласы Еңбекші аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Ақтоты Асанбаева.

Мамандар далалы аймақтың шөбін «Дельтапес» деп аталатын химиялық дәрінімен залалсыздандыруда. Шаңдау жұмыстарынан кейін зоолог мамандар тағы да тексеру жүргізеді, дейді дезинфекция орталығының биолог маманы Гауһар Кемелбекова.

Конго-Қырым қызбасын таратушы кенеге қарсы дәрілеу  жұмыстары сәуір айының соңында толық аяқталмақ. Химиялық сұйықтықтың жануарларға еш зияны жоқ. Дегенмен тазартылған аумақтарға  бір аптаға дейін мал жаюға тиым салынған.

Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы